Folk Tale

Ит пен Аспазшы

Translated From

Κύων ἑστιώμενος

AuthorΑἴσωπος
LanguageAncient Greek

Other Translations / Adaptations

Text titleLanguageAuthorPublication Date
The Dog and the CookEnglishGeorge Fyler Townsend1867
AuthorСатыбалдиева Алтынай
LanguageKazakh
OriginGreece

Бір күні бай адам той жасап,ол тойға достарын және туған-туыстарын түгелдей шақырады.

Осындай мүмкіндікті жіберіп алмаймын деген иті, өзінің де досын шақырып алады.

“Ей, достым бүгін менің ием той жасайды,ол жерде көп тамақ қалатынына кәміл сенімдімін. Кешқұрым келіп, менімен бірге кешкі ас ішіп кетсеңші.”

Ит уәделескен уақытта шақырылған үйге келеді, тойға керемет дайындықты көріп, қуаныштан төбесі көкке жетеді:

«Мен осы жерге келгеніме аса қуаныштымын! Осындай керемет жерлерге жиі шақырту ала бермейтінім өкінішті-ақ. Бүгін әрі ертең аш болмайтындай, қазір тойып алғаным жөн болар.»

Құйрығын бұлғаңдытып, досын мақтап рахметін жаудырып жатқанда, оны аспазшы ыдыс-аяқтың арасында жүргенін көріп, желкесі мен екі аяғынан ұстап терезеден лақтырып жібереді.

Ол бар салмағымен “күмп” етіп жерге құлап, ақсаңдап ол жерден табанын жалтырады.

Оның ыңырсығаны тез арада сырттың бұралқы иттерінің көңілін өзіне аудартады. Иттер оған келіп кешкі астан қандай рахат алғанын қызыға сұрайды.

Ит былай деп тіл қатады: «Шынымды айтсам, көп шарап ішкеннен есімде ештеңе де қалмапты. Мен үйден қалай шыққанымды да аңғармай қалғаным-ау.»

Мақтаншақ бар ақылын мақтанyмен сарқыпты.


Text view