Text view
Ит және қосжақтаулы ұлу
Author | Сатыбалдиева Алтынай |
---|---|
Language | Kazakh |
Origin | Greece |
Жұмыртқамен азықтануды жақсы көрген ит бір күні қосжақтаулы ұлуды көреді. Оны жұмыртқа екен деп жорып, тамсана жұтады.
Бірер сәттен кейін асқазаны түйіріле ауыра бастайды, ол қиналғаннан:
“Мен ақымақтығымнан көп азап шегемін, домалақ нәрсенің бәрі бірдей жұмыртқа бола бермейтінін» түсіндім”,-депті.
Ғибрат: Асығыстан шалыс бассаң, өкінгеннен пайда болмас.